A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:55 0

Биыл елімізде 9 жаңартылатын энергия нысаны пайдалануға беріледі

Бүгін / Республика

Биыл елімізде 9 жаңартылатын энергия нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР ЭМ Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Жаслан Қасенов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


— Қазақстан бойынша 156 жаңартылатын энергия көзі (ЖЭК) іске қосылған, оның ішінде 63 жел және 48 күн электр станциясы бар. 2025 жылы жалпы қуаты 455,5 МВт болатын тағы 9 нысан пайдалануға беріледі. Қытай, Франция, БАӘ және Ресейдің стратегиялық инвесторлары Қазақстанмен 5 ГВт-қа жуық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр, - деді ол Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында энергетика саласындағы басты жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы айта келе.

Сондай-ақ ол Үкіметтің басты мақсаты — елдің энергетикалық теңгеріміндегі ЖЭК үлесін 15%-ға дейін арттыру екенін атап өтті.

— Осы мақсатта 2030 жылға дейін жалпы қуаты 2258 МВт болатын 91 жаңа жобаны іске қосу көзделіп отыр. Сол арқылы ЖЭК-тің орнатылған жалпы қуаты 10 ГВт-қа жетеді, - деді департамент басшысы. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив