A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:30 0

Қазақстандағы инфляция: қай өңірлерде баға өсімі жеделдеді

Бүгін / Республика

Мамыр айында елде жылдық инфляция жеделдеп, 11,3% болды (сәуірде — 10,7%). Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеді, 3 өңірде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


Жылдық инфляцияның 13,0%-дық ең жоғары мәні Алматы қаласында тіркелді.

— Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,6%-ға дейін жеделдеді (сәуірде — 8,5%). Осы топқа жататын тауарлар бағасы Ақмола облысында (11,4%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,0%) төмен өсім көрсетті, — делінген хабарламада.

Мамырда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі жылдық мәнде 9,0%-ға жетті (сәуірде — 8,9%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,4%) тіркелді.

Мамырда ақылы қызметтердің бағасы жылдық мәнде 16,0%-ға дейін өсті (сәуірде — 15,7%). Сонымен қатар Алматы қаласында (22,5%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,3%) айтарлықтай төмен өсім тіркелді.

Мамырда айлық инфляция елде 0,9%-ға өсті.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив