Мерекелік іс-шара 21 мауысм күні сағат 12:00-де Солжағалау кешеніндегі этносаябақта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Онда татар этномәдени бірлестігінің концерттік бағдарламасы, татар халқының ұлттық ойындары, балалар мен ересектерге арналған спорттық жарыстар, ән мен би, ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылады.
Сондай-ақ түрлі байқаулар, ұтыс ойындары және сыйлықтар болады.
Пікірлер