A+ A A-

talgatzhan 30 18-06-2025, 11:30 0

Өскеменде жастарға жігер берген ерекше шараға Олимпиада жүлдегері арнайы қатысты

Бүгін / Өскемен

Бүгін таң сәріде Өскеменнің Жеңіс саябағында аспанға «Чемпиондық рух» деген жазуы бар әуе шары көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былай қатардағы шара болып көрінгенімен, астары терең. Ақ жейде киген жастар ширақ қимылдап, көтеріңкі көңілмен сап түзеп, әуе шарын ұшырды. Мұны қала тұрғындары мен қонақтары да тамашалады. Бұл шараны AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалы мен Aqtai judo club спорт клубы ұйымдастырды. Ел көлемінде қолға алынған «Чемпиондық рух» жобасы – спортты насихаттаумен қатар, жастарды тәртіпке, төзімділікке тәрбиелеуді көздейтін маңызды жоба.
Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жерінде өткен шараға халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген спортшылар – дзюдошы, самбошы Руслан Ақтаев пен Қырғызстан Ұлттық құрамасы сапында Олимпиада жүлдегері атанған Айдын Смағұлов бастаған мәртебелі қонақтар қатысты. Сондай-ақ спорт пен құқық қорғау саласының өңірлік басшылары, белсенді жастар бас қосып, жастарға үлгі боларлық тағылымды кездесу өтті.
– Жастарымыз спортты серік етіп, ел намысын абыроймен қорғай берсін. Осындай шаралар олардың рухын көтеріп, болашағына сенім ұялатады, – деді Айдын Смағұлов.
Айта кетейік, бұл жоба республиканың барлық өңірінде «Жастар Рухы» ұйымының бастамасымен жүзеге асуда. Шара барысында “Aqtai judo club” клубының жүлдегерлері спорттық көрсетілім жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив