A+ A A-

talgatzhan 39 18-06-2025, 16:50 0

Блогерлерге қиын болады: Жақында тексеріс басталады

Бүгін / Республика

Мәжілісте Қаржы министрі Мәди Такиев салық төлемей жүрген блогерлерді тексеру басталатынын айтты, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Блогерлермен бірталай жұмыс атқарып жатырмыз. Мыңдаған блогерге хабарландыру жібердік. Нақтырақ айтқанда, 854 блогерге 72 млрд теңгеге “ақшаларыңызды толық көрсетпедіңіздер” деп хабарлама жібердік. Оның 394-і 11,8 млрд теңге төледі. Енді біз қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп отырмыз, – деді Қаржы министрі Мәжіліс жиналысында.

Оның сөзінше, блогерлер салықты келесі жылдың 31 наурызына дейін төлеуі тиіс.

Блогерлер салық төлемей жүргендіктен, тексеріс ашамыз, – деді Мәди Тәкиев.

Бұған дейін мол табыс тапқан 301 блогер салық төлеген еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив