
19 маусымда бірқатар өңірде сынап бағасы 42 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктер 19 маусымда Астана және еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Жетісу облысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 19 маусымда күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда найзағай ойнап, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде жне күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 19 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр жауады, түнде және күндіз облыстың батысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың орталығында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 19 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 19 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзаға ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 19 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, түнде облыстың батысында, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының шығысында, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, орталығында дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең найзағай ойнап, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 19 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 33-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 19 маусымда күндіз батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер