A+ A A-

talgatzhan 36 19-06-2025, 12:00 0

Былтыр қазақстандықтар жеміс пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынған — Ұлттық статистика бюросы

Бүгін / Республика

Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде І тоқсандағы азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша жиналған деректерді жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынудың ең жоғары өсімі жемістер (+3,5%), балық және теңіз өнімдері (+2,2%) екені байқалған. 

Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орта есеппен бір айда тұтынуы: картоп — 3,7 кг, 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 2,3 кг, сиыр еті — 2 кг, алма — 1,6 кг, құмшекер — 1,5 кг, күріш — 1,3 кг, шикі сүт — 0,9 л, жұмыртқа — 17,1 дана, макарон өнімдері — 0,9 кг, енді ауланған немесе салқындатылған балық — 0,6 кг құрап отыр.

Өңірлер арасында нан өнімдері мен жармаларды тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары (жан басына шаққанда айына 14,1 кг), ең аз тұтыну Маңғыстау облысында (жан басына шаққанда айына 7,9 кг).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив