Жаз шыққанда қала сыртында орналасқан саяжайларға қатынайтын халық қарасы көбейеді. Аптаппен қатарласқанкүйбең тірліктен шаршағандар сонда барып көкөніс, жеміс-жидек егіп, табиғат аясында тыныққанды жөн көреді. Таза ауада еңбек етіп, отбасымен бірге уақыт өткізу де жаздыгүні бір ғанибет. Осыған байланысты саяжайға қатынайтын автобустардың жұмыс кестесін біліп көрдік.
Қоғамдық көліктер қала мен саяжай алқаптарын байланыстырып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қатынауға мүмкіндік береді. Өскеменде бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Қала әкімдігі көктем-жаз айларында арнайы кесте әзірлеп, ірі саяжай қауымдастықтарына баратын қосымша автобус маршруттарын іске қосты.
Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қоғамдық көліктердің бағыттары мен жүру кестесі туралы ақпаратпен бөлісті.
Көктем-жаз мезгілінде саяжай автобустары келесі бағыттарда жүреді:
Өзен вокзалынан шығу уақыты: 8:00 және 18:30;
«Восточник» саяжайынан кері қайту уақыты: 8:20 және 18:50.
Жұмыс уақыты: сағат 5:50 – 20:05 аралығы.
Жұмыс уақыты: сағат 6:30 – 20:20 аралығында.
Жұмыс уақыты: 5:55 – 22:00.
Ерекше атап өтуге тиіс екі бағыт:
Есенберлин даңғылынан шығу уақыты: 7:07, 8:16, 9:25, 11:30, 12:39, 13:48, 15:30, 17:15, 18:24, 19:33;
«Просвещенец» саяжай кешенінен қайту уақыты: 7:44, 8:53, 10:02, 12:07, 13:16, 14:25, 16:07, 17:52, 19:01, 20:10.
Саяжай автобустары бойынша тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар:
- Қажетті автобус кестесін қалай білуге болады?
- Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратынша, «ONAY!» қосымшасын жүктеуге болады. Онда саяжай автобустарының нақты кестесі мен жүру уақыты көрсетілген.
- Саяжай автобустарында жүру ақысы қанша теңге тұрады? Белгілі бір жеңілдіктер бар ма?
- Саяжай автобустарында жол жүру ақысын қолма-қол немесе картамен төлеуге болады. Жеңілдіктер тек карта арқылы төлеу кезінде қарастырылған. Балалар тарифі төлем түріне қарамастан 45 теңге тұрады.
- Саяжай кешендеріне қатынайтын автобустар қай уақытқа дейін жүреді?
- Әкімдік мәліметіне сүйенсек, саяжай автобустары 15 сәуірден 15 қазанға дейін қатынайды.
Пікірлер