Бұл туралы ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
-Ана мен бала денсаулығын қорғау – ҚР Стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі. Әрі медицина саласының аса маңызды және өзекті мәселесі. Ұлт саулығы мен болашағы тікелей аналардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына байланысты екені баршамызға айқын. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық, емдеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша, жоспарланған жүктілікке дейінгі тексеру және сауықтыру, аналар мен балалардың денсаулығын жақсарту және сақтау мақсатында жүйелі іс-шаралар атқарып жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол соңғы үш жылдағы статистикаға тоқталды.
- Қазақстанда соңғы 3 жылда халық саны 1,3 млн-ға артып, 20 млн адамнан асты. 4,8 млн әйел – фертильдік жастағылар. Соңғы 10 жыл ішінде балалар саны 5 млн-нан 6,8 млн балаға дейін көбейді. Бүгін таңда еліміздің әр үшінші азаматы – балалар. Жыл сайын 360 мың әйелдің жүктілігі тіркеледі. 370 мыңдай бала дүниеге келеді, - деді Мағрипа Ембергенова.
Пікірлер