A+ A A-

talgatzhan 0 19-06-2025, 18:10 0

Құқықтық кеңес берудегі жасанды интеллект

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне цифрландыруды толық көлемде дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды: «Қазақстан толық цифрланған және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуы тиіс», деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізгі міндеттер шеңберінде Әділет министрлігі азаматтардың қаржылық және уақыт шығындарын үнемдей отырып, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі шараларды көздейтін «Digital Justice» жобаларының портфелін іске асыруда.

Бүгінгі таңда халықты онлайн режимінде білікті заң көмегімен қамтамасыз ете отырып, заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-Zan Komegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі бар.

«E-Zan Komegi» ақпараттық жүйесі өмірлік жағдайларды шешу үшін, заң қоғамдастығына құқықтық мәселелер бойынша хабарласу үшін кез келген қолданушыға сондай-ақ, iOS және Android платформаларында қосымша арқылы қолжетімді.

Ақпараттық жүйеге және құқықтық көмекке QR - кодын сканерлеу арқылы қол жеткізуге болады.

Ақпараттық жүйе адвокаттар мен заң консультанттарының қатысымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық аппараттық қызмет операторларымен «Бейнеқоңырау» функционалы іске асырылды.

Сонымен қатар «Zan Komegi» мобильді қосымшасының тәжірибелік ортасында тестілеуден және оқытудан өтетін құқықтық кеңес беру бойынша жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірлеу мәселесі қарастырылуда.

Дереккөз: ШҚО Әділет департаменті

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив