A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 09:00 0

Найзағай, аптап ыстық: елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

"Қазгидромет" РМК ертең, 20 маусымда Астана мен Алматы қалаларында және өзге 17 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жаңбыр күтіледі. Жел 15–28 м/с дейін күшейеді. Шығыс пен оңтүстікте 35°С-қа дейін қатты ыстық сақталады. Өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда найзағай, өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының батысында түнде найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 23–28 м/с. Жезқазғанда найзағай, бұршақ, өрт қаупі сақталады.

Абай облысының басым бөлігінде найзағай, бұршақ, жел күшейеді. Күндіз 35–38°С аптап ыстық күтіледі. Семейде найзағай, 35°С ыстық, жел 15–20 м/с.

Қызылорда облысында найзағай, дауыл және шаңды дауыл болжанады. Жел 20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары. Қызылордада да ұқсас жағдай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен батысында найзағай, бұршақ, қатты жел болады. Өрт қаупі барлық аймақтарда өте жоғары. Қарағандыда найзағай және жел күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 28 м/с дейін күшейеді. Қонаевта найзағай. Алматыда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл.

Қостанай облысының кей өңірлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай. Жел күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және қатты жел болжанады. Көкшетауда шаңды дауыл, найзағай.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл күтіледі. Жел 20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл. Жел 20 м/с. Шымкентте және Түркістанда өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және жел күтіледі. Петропавлда – тұман, найзағай, бұршақ.

Павлодар облысының батысы мен шығысында найзағай, жел күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, аптап ыстық (37°С), жел 20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары. Өскеменде найзағай, жел.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай, жел және өрт қаупі күтіледі. Таразда найзағай, жел 20 м/с.

Астана қаласында күндіз найзағай, шаңды дауыл және бұршақ болуы мүмкін. Жел екпіні 23 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында найзағай, бұршақ, жел және жоғары өрт қаупі. Атырауда найзағай, жел.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, жел 20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Оралда да сол жағдай.

Синоптиктер көлікпен жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын тексеруге, ашық от пайдаланбауға, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға және далада ұзақ болмауға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив