Өтпелі жолды негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары кешкісін трамвай өткелінде жұмыс жүргізілмегенін байқағанымен, қиылыстың әлі жабық тұрғанын айтты.
— Кеше бұл учаскедегі негізгі жұмыстар аяқталды. Алайда қабылдау кезінде бірнеше кемшілік анықталып, олар түнде жойылды. Егер бүгінгі тексеріс ешқандай ескертусіз өтсе, қиылыс ашылады, — деп түсіндірді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Марат Тұңғышбаев.
Пікірлер