A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:00 0

Әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түліктің бағасы төмендеді

Бүгін / Республика

Сауда және интеграция министрлігі 19 мамырдағы мәлімет бойынша әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түліктің бағасы төмендегенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетігіне сай, қырыққабат — 5,3%-ға, жұмыртқа — 0,6%-ға, күріш пен картоп — 0,2%-ға, сүзбе — 0,1%-ға төмендеді. 6 тауар бойынша баға өзгеріссіз қалды. Сәбіз, пияз, күнбағыс майы, сүт, сиыр және сары май, тұз бен қантта аздаған қымбаттау тіркелді. Жалпы апталық өсім — 0,2%. 

Бұл өзгерістер маусымаралық кезеңмен байланысты: былтырғы өнім аяқталып, ерте өнімдер нарыққа шығуда. Бұл бағаның тұрақталуына әсер етеді деп күтіледі. 

— Бағаны бақылау күшейтіліп отыр. 2025 жылдың басынан бастап өңірлерде 500-ден астам комиссия отырысы өтіп, 1 900-ден аса құқықбұзушылық анықталды. Сауда үстемесін асырғандар енді айыппұлмен жазаланады. Электронды шот-фактуралар арқылы делдалдар әрекетіне талдау жүргізілуде. 5 600-ден астам тізбек зерттеліп, 564-інде заңбұзушылық қаупі анықталды. Бұл шаралар нарықтағы делдалдарды азайтып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив