Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Үлкен Нарын ауданы әкімі Елдос Байрахметов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, мұндағы егістік алаңы 53 мың гектарды құрады.
– Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артық. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 17 мың гектар, майлы дақылдар – 23 мың гектар, жемшөп алқаптары – 13 мың гектар. Мемлекеттік қолдау шаралары да жалғасуда. 2024 жылы 118 шаруашылыққа 647 млн теңге субсидия төленді. Оның ішінде, 78 шаруашылыққа жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға – 496 млн теңге, 40 шаруашылыққа минералды тыңайтқыштар сатып алуға – 151 млн теңге бөлінді, – деді Елдос Байрахметов.
Ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы ойдағыдай іске асырылып жатқан көрінеді.
– Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша 7 жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 80 млн теңгені құрады. 2025 жылдың алғашқы бес айында жол бойындағы туризм мен өнім өңдеуге бағытталған 10 жоба мақұлданып, инвестиция көлемі 98 млн теңгені құрады, – деді аудан әкімі.
Пікірлер