Аудан әкімінің сөзінше, осыған дейін Көктерек пен Малонарым ауылдарында орталық су құбырлары тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір Үлкен Нарын ауылында су жүйелерін қайта жаңғырту жүргізілуде.
– 2025-2026 жылдары Алтынбел, Үштөбе, Солдатово және Көкбастау ауылдарына су құбырларын тарту жоспарланған. Бұл жобалар жүзеге асқан соң аудан тұрғындарының барлығы толық орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылады, – деді әкім.
Пікірлер