A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:00 0

Свинчатка ауылында демалыс базасы салынады

Бүгін / Үлкен Нарын

Аудан әкімі Елдос Байрахметовтің сөзінше, елдегі жетекші кәсіпкерлердің бірі Свинчатка ауылында демалыс базасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазір бұл жақта ауыл шаруашылығымен қатар, емдік-сауықтыру, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға зор әлеуетке ие. 
– Қазіргі уақытта ауданда туристерді қабылдайтын 6 нысан жұмыс істейді. Олар: «Приморск» демалыс базасы, 2 қонақүй, «Абзал» пантоемдеу орталығы, «Арайлы Шығыс» және «Сұңқар» балалардың сауықтыру лагерьлері. Қазіргі таңда аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында заманауи жол бойы қызмет көрсету нысаны іске қосылды. Бұл аудан инфрақұрылымын жақсартудағы маңызды қадамдардың бірі болып, туризм мен қызмет көрсету саласындағы шағын бизнестің дамуына қосымша мүмкіндік ашты, – деді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов. 
Биыл Үлкен Нарында туризм саласын дамыту және ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бірқатар іс-шара жүзеге асырылмақ. 
– Мәселен, Приморск ауылында жағажай аумағын абаттандыру, ауданға кіреберіс жолдарда арнайы көрнекі белгілер мен құрылыстар орнату, туристік ақпараттық орталық аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы атқарылып жатқан тірлік нәтижесінде ауданның туристік әлеуеті артып, жаңа жұмыс орындары құрылып, өңір экономикасына оң серпін берері анық, – деді аудан әкімі.
Ал Свинчаткадағы демалыс базасының нақты қашан салынатынын айтпады әкім.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив