A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:30 0

Қай өңірдің тұрғындары инсультке жиі шалдығады?

Бүгін / Республика

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы Сабина Медуханова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, елде инсультке шалдығу қаупі артып келеді.

Сонымен қатар инсультке көбінесе ер адамдар шалдығады. Өйткені ер азаматтар әйелдерге қарағанда денсаулықтарына мән бермейді. Уақытымен дәрігерге қаралмайды. Созылмалы аурулары болса да, берген дәрілерді дұрыстап ішпейді. Инсультті анықтаудың қазіргі таңда диагностикасы жақсарды. Ал 60 жастан асқандарда инсультке шалдығу қаупі көбейеді, - деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ қай өңірдің тұрғындары бұл ауруға көбірек шалдығатынына тоқталды.

Инсультке көбінесе солтүстік өңірдің тұрғындары шалдығады. Себебі бұл өңірде егде жастағы тұрғындар көбірек тұрады. Тағы бір зерттеулерге сүйенсек, өңірдің климатына байланысты тамақтану әдебімен де байланысты. Күн салқын аймақтарда тұзды, майлы, етті тағамдарды көбірек жейтініміз жасырын емес. Бірақ бүгінде тромболизис, тромбоэкстракция сияқты емдердің болғанына байланысты біз өлім-жітімді төмендеттік, - деді Сабина Медуханова.

Еске салайық, Астанада жыл сайынғы дәстүрмен дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған "Инсульт мектебі-2025" ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ дәрігер энергетикалық сусындардан келетін қауіпті атады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив