
Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен, Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігімен, Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, Сіздерді 2025 жылғы маусымның ең басты жарыстарына, кенді Алтай жерінде, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының автожолдарында осы жылғы 22-29 маусым кезеңінде өтетін үлкен велоспорт мерекесіне шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спорттық аптаның бағдарламасында:
- Тасжолдағы велосипед спортынан Қазақстан Республикасының
Ұлттық Чемпионаты (23 жасқа дейін);
- Қазақстан Республикасының VI Жазғы Жастар спорт ойындары (юниорлар мен юниор қыздар);
- Паралимпиадашылар арасындағы Қазақстан Республикасының VII Жазғы Спартакиадасы;
- Ардагерлер арасындағы Masters санатындағы ҚРЧ;
Еліміздің мықты велосипедшілері – әлем чемпионатының, құрлықтық
Азия біріншілігінің және бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, командалық және жеке жарыста, критериумда (қаланың көшелеріндегі веложарыстан), топтық жарыста жүлделер және ағымдағы жылы Әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алу үшін таласатын болады.
Спорттық іс-шаралардың бағдарламасы әртүрлі дисциплинаны және 15 км-ден 200 км-ге дейінгі жарыс қашықтығын құрайды. Көпкүндік веломарафонға қатысушылар құздар мен өткелдерден өтіп, Өскемен қаласы мен Ұлан ауданының қиын жерлері мен автожолдардың бұрылыстарын бағындырады және Аблакет, Тарғын, Алмасай ауыл округтары мен Самсоновка, Сағын, Бестерек ауылдарынан өтеді.
Еліміздегі ауқымды спорттық іс-шараның барлық сөресі ен мәресінің өтетін орындары - О.Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығының аумағындағы тасжол (Қаныш Сатпаев даңғылы 82/2) жарыстың велоқалашығы орналасады.
Спорттық іс-шаралардың бағдарламасы
Күні |
Уақыты |
Іс-шаралар |
22 маусым |
10:00–13:00 15:00–16:30 |
Мандат комиссиясының отырысы Команда өкілдерімен бірге төрешілер алқасының отырысы |
17:00–18:00 |
Спорттық іс-шаралардың ашылу салтанаты |
|
23 маусым |
10:00
11:40 13:00 |
Жастар ойындары: командалық эстафета (юниорлар, юниор қыздар)-40 км ҚРҰЧ: жұптық жарыс (әйелдер-элита) -30 км ҚРҰЧ: жұптық жарыс (ерлер-элита) -50 км |
24 маусым |
10:00 11:00 11:55 |
Жастар ойындары:критериум (юниорлар) -40 км Критериум (юниор қыздар) -20 км ҚРЧ Masters: топтық айналма жарыс (ерлер) – 40 км |
25 маусым |
10:00 |
Жастар ойындары:топтық жарыс (юниор қыздар)-70-80 км |
26 маусым |
09:00 10:10 11:20 12:50 13:55 14:55 16:00 |
Жеке жарыс (юниор қыздар) -20 км Жеке жарыс (юниорлар) -25км ҚРҰЧ: Жеке жарыс (әйелдер-элита) -30 км ҚРҰЧ: Жеке жарыс (әйелдер U23) -30 км ҚРҰЧ: Жеке жарыс (ерлер-элита) -40 км ҚРҰЧ: Жеке жарыс (ерлер- U23) -40 км ҚРЧ Masters: Жеке жарыс (ерлер) -20 км |
27 маусым |
10:00 |
Жастар ойындары: топтық жарыс (юниорлар) -110-120 км |
28 маусым |
07:00
09:00 |
ҚР VII Спартакиадасы: Жеке жарыс(паралимпиадашылар)-15 км ҚРЧ: топтық жарыс (әйелдер-элита) -100-120 км км |
29 маусым |
07:00
09:00 |
ҚР VII Спартакиадасы: топтық жарыс(паралимпиадашылар)-30 км ҚРҰЧ: топтық жарыс (ерлер-элита) -180-200 км |
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

{calendar}
Пікірлер