A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 10:30 0

Дауылды ескерту: ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді

Бүгін / Республика

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді:

ресми дереккөздерді қадағалаңыз;

аса қажетсіз жағдайда көшеге шықпаңыз;

лажы болса алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тартыңыз.

23 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 23 маусымда таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 23 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

23 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Петропавл қ.: 23 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

23 маусымда Қостанай облысыңың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.

Қостанай қ.: 23 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталды.

23 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай,бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 23 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 23 маусымда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

23 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 23 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 23 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 23 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 23 маусымда түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қонаев қ.: 23 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

23 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз орталықта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 23 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 23 маусымда түнде найзағай күтіледі.

23 маусымда күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 23 маусымда түнде найзағай күтіледі.

23 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 23 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

23 маусымда таңертең және күндіз Абай облысында найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 23 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив