A+ A A-

talgatzhan 36 23-06-2025, 10:45 0

Ұлан ауданында орман өрті сөндірілді

Бүгін / Ұлан

20 маусымда Алғабас ауылының маңындағы Синегорье орман шаруашылығы аумағында орман өрті жедел түрде сөндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түтін сағат 14:26 шамасында байқалды. Өрт шыққан жерге дереу орман күзеті мен төтенше жағдайлар қызметінің күші жіберілді. Өртті сөндіруге 20 орман күзетшісі мен 5 техника, аудандық ТЖ бөлімінен 7 қызметкер, өрт сөндіру техникасы, дрон және спутниктік байланыс құралдары жұмылдырылды.

Өскеменнен қосымша 12 адамнан тұратын топ келіп көмектесті. Жердің қолжетімсіздігіне байланысты өрт сөндіруге Ми-8 тікұшағы тартылып, ол сегіз рет су төгіп, өрттің негізгі ошағын сөндіруге көмектесті.

Өрт сағат 06:45 шамасында 0,25 гектар аумақта оқшауланып, сағат 07:00-де толықтай сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив