Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан отырыста Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Энергетика министрлігі 2030 жылға дейінгі сутегі энергетикасын дамытуды жүзеге асыру тұжырымдамасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл құжат елімізде жаңа буын энергия көздерін енгізуге институционалдық негіз қалыптастыруды көздейді, - дейді Бақытжан Ілияс.
Тұжырымдама аясында бірқатар пилоттық жобаларды іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда:
-2026 жылы сутегі парогаз қондырғыларында қолданыла бастайды;
- 2027 жылы сутегіні қоғамдық көліктерге енгізу көзделіп отыр;
- 2028 жылы елімізде алғашқы сутегі құю бекеттерінің құрылысы басталады.
Бұл жобалар жаңа технологиялық шешімдерді сынақтан өткізуге, инвестиция тартуға, сондай-ақ нормативтік және техникалық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер