A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 10:10 0

Қазақстандықтар биыл Астана күніне орай қанша күн демалады

Бүгін / Республика

2025 жылдың шілде айында қазақстандықтарды елдегі маңызды мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс күтіп тұр. Мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, бұл мерекелік күннің демалысы дүйсенбі, 7 шілдеге ауыстырылады. Нәтижесінде, қатарынан үш күндік демалыс болады:

- 5 шілде (сенбі)

- 6 шілде (жексенбі, Астана күні)

- 7 шілде (дүйсенбі – ауыстырылған демалыс күні)

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

- Демалыс күндері – 5, 6, 7 шілде

- Жұмыс күндері – 22 күн

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

- Демалыс күндері – 6, 7 шілде

- Жұмыс күндері – 26 күн

- 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні

Айта кетейік, Астана күніне орай ел бойынша мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе елордада түрлі концерттер, көшедегі жәрмеңкелер, фестивальдар мен көрмелер өтеді. Бұл мереке тек ресми күн ғана емес, сонымен қатар елдің дамуы мен бірлігіне арналған ұлт мерекесі ретінде атап өтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив