Қоғамдық көліктерде жолақысын төлемей жүргендер үшін айыппұл мөлшері 7864 теңгені құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп пен жолақының төленуін бақылау мақсатында бақылау-жол бөлімінің жұмысы қайта жанданды. Енді бақылаушылар күн сайын жолақының төленуін тексереді, қоғамдық көлікті пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды, бейнетіркегіштермен және мобильді терминалдармен жұмыс істейді.
Жолаушы көлікке отырғаннан кейін бірден жолақысын төлеуге міндетті. Төленбеген жағдайда 2 АЕК (7864 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Жеңілдікпен жүру үшін жеке карта қажет. Жолаушы келесі төлем тәсілдерінің бірімен жолақы төлемеген жағдайда, ол билетсіз жолаушы болып саналады:
• көлік картасы;
• мобильді қосымша;
• көлік коды;
• SMS;
• қолма-қол ақша.
Бақылаушылардың жұмысына байланысты сұрақтар бойынша Жолаушылар тасымалын басқару орталығына жүгінуге болады (Қазақстан көшесі, 154).
Пікірлер