A+ A A-

talgatzhan 47 24-06-2025, 16:00 0

Медициналық мамандықтарға ақылы негізде оқуға қабылдау біртіндеп қысқартылады

Бүгін / Республика

Медициналық мамандықтарға ақылы негізде оқуға қабылдау біртіндеп қысқартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын медициналық білім берудің барлық деңгейі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. 2025 жылы 5000-нан астам білім беру гранттары бөлінді. 2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы медициналық кадрларға өзекті қажеттіліктерін негізге ала отырып, елдің нақты өңірлеріне байланысты қалыптастырылады. Мемлекеттік грант есебінен білім алатын түлектер тапсырыс берілген аймақта еңбек практикасынан және пысықтаудан өтуге міндетті. Бұл модель жергілікті денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр тапшылығын дәлірек және тиімді толтыруға мүмкіндік береді. 2025 жылы резидентураның барлық 2500 гранты өңірлердің өтінімдері мен қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді. Бұл болашақ мамандардың оқудан өтуін және болашақта олардың білімі мен дағдылары ең сұранысқа ие жерде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, медициналық білім сапасын жақсарту үшін ақылы негізде оқуға қабылдауды біртіндеп қысқартып, білім гранты құнын арттыру жоспарланып отыр.

- Министрлік интернатураның жекелеген бағдарламаларын енгізу тетігін пысықтап жатыр. Оның соңында түлектер ауылдық елді мекендерде және амбулаториялық-емханалық мекемелерде жұмыс істеуге жіберілетін болады. Бұл жергілікті жерлерде кадрларды тұрақты толықтыруды және өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Өңірлерде арнайы балалар мамандарының тапшылығына байланысты резидентура бағдарламаларына қосымша балалар бейініндегі 14 жаңа мамандық енгізіледі, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив