A+ A A-

talgatzhan 33 25-06-2025, 09:00 0

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Бүгін / Республика

Премьер-министр Олжас Бектенов "Тұлпар күні" ұлттық мерекесін белгілеуге қатысты депутаттардың ұсынысы қосымша пысықталатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі жылқы саны – 4,4 млн бас. Бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

- "Тұлпар күні" арнайы мерекесін бекітуге келетін болсақ, тиісті нормативке маусым айының екінші жексенбісі кәсіби мереке Малшылар күні ретінде белгіленгенін хабарлаймыз. Аталған мереке жылқы шаруашылығы саласының мамандарын қоса алғанда, мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін қамтиды. Биыл осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталды, – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес, 11 шілдеде ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі.

- Осыған байланысты "Тұлпар күні" арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталатын болады, – деді Үкімет басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив