Биыл экологиялық мәселелер бойынша министрлікке 11 мыңнан астам шағым түсті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Биыл экологиялық мәселелер бойынша министрлікке 11 мыңнан астам өтінім түсті, қазір 10 мың өтінім қаралып, орындалды. Ең жиі көтерілетін мәселелер:
Тазалау - 2963,
Қоқысты шығару - 662,
Көшелерді абаттандыру мен тротуарларды күтіп ұстау - 607
Нысанбаев порталда азаматтар өтінімінің сапасыз немесе толық орындалмағаны туралы шағым түсіп жатқанын да айтады.
- Мәселен, Жетісу облысында әрбір алтыншы шағым әкімдікке түседі. Шағымдардың дені Шымкент қаласы, Ақмола облысы және Ұлытау облысында орындалып жатыр. Өтінімдерді қараудан негізсіз бас тарту дерегіне жеке тоқталғым келеді. Мысалы, Алматы қаласы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері туралы 7 өтініш әкімдікпен Полиция басқармасына жолданған. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою әкімдіктердің тікелей міндеті және олардың өкілеттігі шеңберінде орындалуға тиіс, — деді Экология министрі.
Пікірлер