Биыл "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ел көлемінде республикалық және халықаралық деңгейде 573 экологиялық іс-шара өткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Министрдің мәліметінше, биылғы акциялардың нәтижесінде:
-189 мың тонна қалдық жиналды;
- 735 мың гектар аумақ тазартылды;
- 2 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Экологиялық акцияларға 2 миллионға жуық адам қатысқан. Оның ішінде 156 мың волонтер бар.
- "Таза Қазақстан" бастамасына тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер де белсенді араласуда. Мысалы, "Ауыл" партиясының "Таза 25 шақырым" жобасы аясында халық жиі баратын су айдындарының жағалауы тазартылып жатыр. Қазірдің өзінде 102 шақырым қамтылып, 470 тонна қоқыс жиналды, – деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 шақырымға жетпек. Сонымен қатар, бизнес өкілдері де назардан тыс қалмаған. Олар 281 іс-шара мен акция ұйымдастырған.
Пікірлер