2024 жылдың басындағы ресми деректерге сәйкес, Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасқа жетті. Бұл көрсеткіш соңғы бес жылда 31,9 жастан өсіп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының орташа жасына қатысты мәліметті жариялады.
Ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық:
- Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас;
- Әйелдердің орташа жасы – 33,9 жас.
Яғни, әйелдердің орташа жасы ерлермен салыстырғанда едәуір жоғары. Өңірлер бойынша айырмашылықтар:
- Ең жас өңір – Түркістан облысы: орташа жас – 27,7;
Одан кейін Маңғыстау облысы және Шымкент қаласы – 27,8 жас.
Ең үлкен орташа жас:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 39,2 жас;
- Шығыс Қазақстан облысы – 38,9 жас;
- Қостанай облысы – 38 жас.
Қалалықтар ауыл тұрғындарынан ересек:
- Қала халқының орташа жасы – 32,7 жас;
- Ауыл тұрғындарының орташа жасы – 31,7 жас.
Пікірлер