1 маусымнан бері елімізде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы VII республикалық спартакиада жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 маусымнан бері елімізде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы VII республикалық спартакиада жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
атыр.
1991 жылы алғаш ұйымдастырылған бұл спартакиада Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуына жол ашқан маңызды қадам. Содан бері төрт жыл сайын өтетін дәстүрлі жарысқа қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы доданың ауқымы бұрынғыдан да кең. 2000-ға жуық спортшы 17 спорт түрінен бақ сынауда.
Өскемендегі пара үстел теннисі – ең ауқымды жарыстардың бірі. Бәсекеге 18 облыстан 200-ге жуық спортшы бақ сынауда. Шығыс Қазақстан облысы ең ірі құраммен қатысып отыр.
– Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауы зор. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл спортшыларымыздың кәсіби өсуіне зор мүмкіндік береді, – дейді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының паралимпиадалық бөлім басшысы Батыр Қадырбайұлы.
Жетісу облысынан жарысқа келген спорт шебері Азамат Оразбек болса, елдегі пара үстел теннисінің даму қарқынына қуанышты екенін жеткізді.
Спартакиаданың басты мақсаты – бұқаралық параспортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құрама сапына үздік спортшыларды іріктеу.
– Алғашқы кездері небәрі 80-ге жуық адам қатысатын. Қазір – 195. Бұл үлкен жетістік. Президентіміздің спортқа, оның ішінде параспортқа деген қолдауы сезіледі. Біз Талдықорғанда арнайы дайындық өткіздік. Жеңіске жетуге бар күшімізді саламыз, – деді қатысушылардың бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Астана, Тараз, Көкшетау сынды қалаларда да бірнеше спорт түрінен жарыстар өткен. Ал 29 маусым күні Өскеменде VII республикалық спартакиаданың жабылу салтанаты өтеді.
Пікірлер