A+ A A-

talgatzhan 37 27-06-2025, 10:00 0

ҚТЖ биыл бүкіл пойызға камера орнатпақ

Бүгін / Республика

Ұлттық тасымалдаушының барлық 112 бағыт бойынша жүретін пойыздары 2025 жылдың соңына дейін бейнекамералармен жабдықталады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы мәлімдеді , деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылық пен жедел әрекет етуді арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Қазірдің өзінде ұлттық тасымалдаушыға қарайтын пойыздарда 4 мың камера орнатылған.

Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады. Осылайша мамандар жағдайды жедел бақылап, стандартты емес жағдайларды талдайды. Бейнекамералар ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, заңбұзушылықтарды тіркеуге және вагонда қалып кеткен заттарды табуға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылық 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп, жолаушылардың шағымдары 32% азайды және ұмытылған заттардың 91 пайызы иелеріне қайтарылды, – деп жазылған хабарламада.

ҚТЖ ақпаратынша, жаңа вагондардың барлығы интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізіліп жатыр.





Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив