A+ A A-

talgatzhan 34 27-06-2025, 14:20 0

Өскемендегі кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

Бүгін / Өскемен

1 шілдеден бастап Өскемен қаласының №1 ХҚКО Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ал №2 ХҚКО Қазақстан көшесі 99/1 мекенжайында орналасқан. Ол қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Самар тасжолы, 23 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайы өзгеріссіз қалады. Ол жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дайын құжаттарды беру сағат 19:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні азаматтарды қабылдау – 8:00-ден 11:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – 12:00-ге дейін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив