A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 12:00 0

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

- Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді.  Жақсылықовтың орнына қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив