A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 13:00 0

Негізгі ҰБТ қорытындысы: талапкерлердің көпшілігі шекті межеден өтті

Бүгін / Республика

Бүгінге дейін негізгі ҰБТ аясында 326 мың рет тест тапсырылды. Қорытынды бойынша талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады, орташа балл – 67 (5 пән бойынша). Ең жоғары нәтиже – 140 балл, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіKAZINFORMсайтына сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

Тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылды, оның ішінде:

260 талапкер тыйым салынған заттарды алып өткені үшін тестілеуге жіберілмеді;

289 адам тестілеу кезінде ереже бұзып, аудиториядан шығарылды;

бейнежазбаны тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Пәндік комбинация таңдауда талапкерлердің:

18%-ы «Математика-Физика»,

16%-ы «Биология-Химия»,

13%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив