«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО ретінде Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайындағы №1 ХҚКО жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сәйкесінше, бұрын кезекші ХҚКО болып келген №2 ХҚКО (Қазақстан көшесі, 99/1) қалыпты жұмыс режиміне көшеді (жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін).
Кезекші ХҚКО азаматтарды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні — 8:00-ден 12:00-ге дейін қабылдайды.
Пікірлер