A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 13:00 0

Өскеменде «Жасанды интеллект – мәдениет және өнер мекемелерінің қызметінде» атты конференция өтуде

Бүгін / Өскемен

30 маусым мен 1 шілде күндері Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Жасанды интеллект – мәдениет және өнер мекемелерінің қызметінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі


Ауқымды басқосуға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен жетекші сарапшылар қатысуда. Конференция барысында қатысушыларға арнайы тренингтер, сессиялар және дәрістер ұйымдастырылады. Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі сауатты пайдалану арқылы мәдениет саласындағы мекемелердің жұмысын жаңғыртып, олардың сапалық деңгейін арттыру.

Айта кетейік, конференцияға кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармониялар мен мәдени бірлестіктердің мамандары қатысып, жасанды интеллектті қолданудағы тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа технологиялармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив