Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі — Красина кентіндегі «Қазақстан тауы» маңында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда. Бұл шараны облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған. Акцияға мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.
— Мұндай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірінде осы акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, — деді «Жастар Өскемен» орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.
Айта кетейік, жастар қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы, таза орта қалыптастыруға тырысуда.
Пікірлер