ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы маусым айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 5 359 адам ұсталды, соның ішінде 4 696 шетел азаматтары.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
62 — қарулар мен оқ-дәрілер;
22 — діни әдебиет (346 дана);
470 — жалпы сомасы 6,8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
837 — жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
178 — жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
25 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, алды алынған залал сомасы шамамен 34 млн теңге.
— Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, — делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Пікірлер