1 маусымдағы көрсеткішке сай Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамға жеткені белгілі болып отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бергі өсім — 87,2 мың адам, оның ішінде:
табиғи өсім есебінен — 80 мың адам
көші-қон есебінен — 7,2 мың адам
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:
1. Алматы қ. — 2 314 929 адам
2. Түркістан обл. — 2 150 992 адам.
3. Алматы обл. — 1 575 657 адам
4. Астана қ. — 1 566 566 адам
5. Шымкент қ. — 1 274 296 адам
6. Жамбыл обл. — 1 220 481 адам
7. Қарағанды обл. — 1 133 068 адам
Пікірлер