"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 1-4 шілде аралығында Қазақстан аумағында аптап ыстық болатынын жариялады. Көптеген облыста өрт қаупі жоғары, ал кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ұлытау облысында күндізгі температура +35…+38°C дейін жетеді. Жезқазған қаласында 35°С ыстық күтіледі. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай мен екпінді жел болжанып отыр (15-20 м/с). Таразда +38°C аптап күтіледі. Өрт қаупі – өте жоғары.
Қостанай облысында батыс пен солтүстікте найзағай болады. Оңтүстікте +35°C. Жаңбырсыз ауа райы өрт қаупін күшейтеді.
Қарағанды облысының шығысында найзағай болады. Батысы, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавлда тұман басады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Алматы облысында күндіз +35…+36°C. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Облыстың солтүстігі, батысы және орталығында төтенше, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ және екпінді жел (15–20 м/с) күтіледі. Оңтүстікте +35°C. Өрт қаупі өте жоғары.
Жетісу облысында 2-4 шілде аралығында +35…+39°C. Талдыкорғанда да аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында күндіз +40…+41°C. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
Абай облысында түнде найзағай, күндіз бұршақ, жел күші 23 м/с-қа дейін. Өрт қаупі шығысында – жоғары, оңтүстігінде – өте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Өскеменде де найзағай мен бұршақ болуы мүмкін.
Атырау облысының оңтүстігінде найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында +40…+42°C аптап болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Батысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында найзағай болады. Оңтүстікте +38°C. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, жел күшейеді. Орал қаласында да дәл осындай ауа райы күтіледі.
"Қазгидромет" мамандары тұрғындарды ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Пікірлер