Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанындағы Лу Бань шеберханасына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол заманауи құралдармен жабдықталған шеберхананың мүмкіндіктерімен танысып, жас ғалымдармен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті.
Кездесу барысында Ерлан Саиров білім мен ғылымның, әсіресе техникалық мамандықтардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
- Қазіргі уақытта елімізге білікті инженерлер мен IT мамандар ауадай қажет. Лу Бань шеберханасы – студенттердің тәжірибелік дағдыларын арттырып, заманауи технологияларды игеруіне мүмкіндік беретін бірегей алаң. Бұл – Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы табысты ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Біз мұндай орталықтарды өзге өңірлерде де дамытуымыз қажет, – деді депутат.
Жас ғалымдар өз жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық бастамалар жайында баяндады. Ерлан Саиров олардың белсенділігіне жоғары баға беріп, жастарды ғылым мен техника саласына бет бұруға шақырды.Сонымен қатар техникалық мамандықтарға Мемлекет басшысының ерекше назар аударып отырғандығында атап өтті.
Пікірлер