Қазақстанда инфляция қарқын алып келеді. 2025 жылғы мамырда жылдық баға өсімі 11,3%-ға жетті. Соңғы бір жылда ең көп қымбаттаған қызметтер — ұялы байланыс, демалыс шығындары және тұрғын үй-коммуналдық төлемдер, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ranking.kz сарапшыларының дерегінше:
- Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 16%-ға,
- Азық-түлік – 9,6%-ға,
- Азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 9%-ға өсті.
2024 жылғы мамыр мен 2025 жылғы сәуір аралығында қызметтер саласында ең қатты қымбаттаған бағыттар:
- Байланыс – +17,6%;
- Мәдениет және демалыс – +17,1%;
- Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер – +15,7%;
- Денсаулық сақтау – +15,5%.
Ең көп өскен қызметтер:
- Ұялы байланыс – +19,5%;
- Сәлемдеме жіберу қызметтері – +17,7%;
- Кешенді демалыс ұйымдастыру қызметтері – +62,3%;
- Балалар аттракциондарына билеттер – +18,2%.
Аналитиктердің жазуынша:
Ең тез жылдамдықпен баға өсімі суық суға төлемақысында тіркелді — +97,6%.
— Кәрізге тарифтер – +25,1%,
— Орталық жылытуға — +19,2%,
— Газға – +15%.
— Сонымен қатар ыстық су +14,5%,
— Электр энергиясы — +11,2%,
— Тұрғын үйді күтіп ұстау — +10,7%-ға қымбаттаған.
Денсаулық сақтау саласында:
- Медициналық зертханалар қызметтері – +29,2%;
- Дәрігердің алғашқы қабылдауы – +16,3%.
Көлік саласында бағаның өсуі салыстырмалы түрде бірқалыпты:
- Темір жол билеттері — +26,5%;
- Қалалық автобус — +11,1%;
- Ұшақ билеттері — +10,5%;
- Такси қызметтері — ең аз қымбаттаған — орта есеппен +10% ғана.
Пікірлер