A+ A A-

talgatzhan 0 6-07-2025, 13:00 0

Өскеменде кемелер шеруі өтті

Бүгін / Өскемен

6 шілде күні Өскеменде Ұлттық Домбыра, Астана және ҚР Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Е.П.Славский атындағы жағалаудағы «Өзен вокзалы» айлағында өткен шараға облыс орталығының тұрғындары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


- Бүгін біз халқымыздың рухани байлығын және тарихы мен дәстүрінің ажырамас байланысын білдіретін ерекше мереке – Ұлттық Домбыра күнін атап өтудеміз. Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының символы, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын мұра. Осы асыл мұра жастарымызды шабыттандырып, мәдени болмысымызды нығайтып, бізді ұлы мұрамызды мақтанышпен болашаққа жеткізуге үндей берсін, – деп құттықтады облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.


Шеруге «Қазақстан су жолдары» компаниясының «Болат Карентаев», «Алтай», «КС-111» секілді теплоходтары, «BELALEKS» және ШҚО ТЖД катерлері қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив