A+ A A-

talgatzhan 35 8-07-2025, 14:00 0

Қазақстанда күзге қарай картоп арзандауы мүмкін

Бүгін / Республика

Биыл елімізде картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.

- Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, - деген болжам жасады ведомство басшысы.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив