A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 09:10 0

Найзағай, бұршақ: елдің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

"Қазгидромет" РМК 9 шілдеде еліміздің 15 облысы мен Астана қаласында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, қатты жел және аптап ыстық күтілуде. Сонымен қатар, көптеген облыстарда төтенше және жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай күтіледі, солтүстік-шығыс жел екпіні 20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Облыс, Шымкент және Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталуда.

Қызылорда облысында солтүстікте және орталықта шаңды дауыл болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы 20 м/с-ке жетуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында 35-38°С аптап ыстық күтіледі. Облыс пен Атырау қаласында өрт қаупі өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысында батыс пен оңтүстікте 35°С ыстық күтіледі, өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр және жел соғады деп күтілуде. Жекелеген аудандарда тұман және дауыл ықтимал. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.

Ақтөбе, Маңғыстау және Алматы облыстарында аптап ыстық – 35–38°С аралығында. Таулы аймақтарда найзағай және жел екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Жетісу облысында таулы аудандарда найзағай болады, орталықта және шығысында жел күшейеді. Күндіз 35°С ыстық болады.

Астана қаласында найзағай мен бұршақ күтіледі.

Алматы мен Қонаев қалаларында найзағай, жел және төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар табиғи апаттардың алдын алу үшін тұрғындарды ауа райы болжамына құлақ түріп, сақ болуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив