Өскеменде салынып жатқан жаңа «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығы жұмысқа адам алуды бастап кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінен мәлім етті.
Қазіргі таңда орталықта бірнеше бос жұмыс орны бар. Атап айтқанда, маркетинг және жарнама менеджері, кадр ісін жүргізу менеджері, клининг қызметінің басшысы, орталық әкімшісі және SMM-маманы. Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8-707-337-32-89.
Айта кетейік, екі қабатты сауда-ойын-сауық орталығы қаланың сол жағалау бөлігінде, Сәтпаев даңғылы бойында салынып жатыр. Жалпы аумағы — 50 мың шаршы метр. «Maxi Mall-да» сауда орындарынан бөлек, кең ауқымды фудкорт, кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған.
Орталық жақын арада ашылады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер