2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, Қазақстанда бастапқы тұрғын үй бір жылда 9,5%-ға қымбаттады. Екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы 6,7%-ға өсті, ал жалға беру нарығында өсім 9,4%-ды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мамыр айында жалға берілетін тұрғын үй нарығында бағаның сәл төмендеуі байқалған еді, бірақ маусымда бұл үрдіс жалғасқан жоқ. Ұлттық статистика бюросының деректерінше, маусымда:
- жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы 0,3%-ға,
- жаңа тұрғын үйлер – 1,1%-ға,
- екінші деңгейлі тұрғын үйлер – 0,9%-ға өсті.
Ең жоғары өсім қайда тіркелді?
Жаңа тұрғын үй: Ең үлкен баға өсімі Павлодарда тіркелді – айына 6,6%. 12 қалада баға өзгермеді, ал Астанада керісінше – 0,4%-ға төмендеді.
Екінші деңгейлі тұрғын үй: Ең көп өсім Алматыда – 3,6%. 9 қалада өзгеріс болмаған. Баға төмендеген қалалар:Жезқазған (–0,1%), Қарағанды (–0,3%), Шымкент (–0,4%), Астана (–0,6%), Павлодар (–0,7%).
Бір жылдық өсім:
Жаңа тұрғын үй:
- Павлодар – +29,7%;
- Шымкент – +16,1%;
- Алматы – +15,3%;
- Астана – +5,9%;
Екінші деңгейлі тұрғын үй:
- Ақтөбе – +18,5%;
- Алматы – +15,3%;
- Шымкент – +6,7%;
- Астана – +0,8%.
Бағасы төмендеген қалалар: Қарағанды (–0,5%) және Өскемен (–2,5%).
Баға бойынша көшбасшылар мен ең арзандар:
Жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы:
- Алматы – 647 728 теңге/м²;
- Астана – 593 764 теңге/м²;
- Қазақстан бойынша орташа – 527 220 теңге/м²;
- Ең арзан: Орал – 286 288 теңге/м².
Екінші деңгейлі тұрғын үй:
- Алматы – 681 923 теңге/м²;
- Астана – 642 702 теңге/м²;
- Орташа баға – 546 730 теңге/м²;
- Ең арзан: Қызылорда – 320 779 теңге/м².
Пәтер жалдау бағасы (м² үшін):
- Ең қымбат: Алматы – 5 275 теңге;
- Астана – 4 966 теңге;
- Орташа республика бойынша – 4 510 теңге;
- Ең арзан: Тараз – 2 265 теңге.
Пікірлер