A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:00 0

Өскеменде биыл 40 учаске абаттандырылды

Бүгін / Өскемен

Ресми ақпаратпен қала әкімінің орынбасары Абзал Маулетханов бөлісті. Оның сөзінше, қазір 40 учаскенің 37-сінде жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, осы жылы қалада аулаларды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын орнату жұмысына 1 138,5 млн теңге бөлінді. 
- Бүгінде 40 учаскенің 37-сінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» арқылы 10 аула кешенді абаттандырылып, 8 балалар және 4 спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерді көркейту жалғасуда: Филармония маңындағы сквер, Ертіс жағалауы, Шешек тауы ауданында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жол жөндеу де назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы 3,86 млрд теңгеге 21 км жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Бұған қоса, қиыршық тасты және тротуар жолдарын жөндеу де қамтылған. Көше жарықтандыру бойынша, «ХҚБ» және есептік кездесулер аясында 30-дан астам учаскеде шамдар орнатылып, мектептерге жақын аймақтарда қауіпсіздік үшін жарық тартылуда, - деді Абзал Маулетханов.
Әкім орынбасарының айтуынша, қала ішіндегі аулаларға кешенді жөндеу жүргізіліп, автотұрақтар кеңейтіліп, өткелдер жөнделуде. Бұл мақсатқа 400 млн теңге бөлінген. Қазірге дейін 17 000 м² асфальт төселіп, шұңқырлы жөндеу 2000 м² көлемінде жүргізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив