A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:30 0

Өскемен әкімі "Сәулетай" саябағының қазіргі жағдайын сынға алды

Бүгін / Өскемен

Шаһар басшысы Алмат Ақышов "Сәулетай" саябағының қазіргі ахуалы талапқа сай еместігін атап өтті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

— Тексеру барысында саябақ аумағының күтімі нашар екені, тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталмай отырғаны анықталды. Бұл тұрғындардың демалыс сапасына кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты саябақ басшылығына қатаң ескерту жасалып, жауапты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды. Кемшіліктерді жою және инфрақұрылымды ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта саябақты қайта жаңғыртып, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі, — делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, "Сәулетай" — кезінде танымал демалыс орны болған. Саябақ — облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың негізін қалаушылардың бірі Николай Зайцевтің туындысы. Бұл экологиялық таза материалдардан жасалған түпнұсқа мәдени-демалыс аймағы ретінде танылған. Саябақ Өскемен қаласының Лихарев көшесімен қиылысатын тұста, Е.П.Славский атындағы жағалау аумағында орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив