A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:00 0

Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстан азаматтары 50-ден астам елге визасыз бара алады. Әр елдің визасыз болу мерзімі әртүрлі – 14 күннен бастап бір жылға дейін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Визасыз 30 күнге дейін баруға болатын елдер:

Қытай (15 күн (Хайнань)), Малайзия, Мальдив, БАӘ, Тунис, Филиппин, Катар, Куба, Индонезия ( (виза әуежайда)), Доминикан Республикасы, Аргентина, Бразилия, Марокко, Вьетнам, Никарагуа, Сербия, Эквадор, Оман 30 күнге дейін визасыз. Макао 14 күнге дейін визасыз.

60 күннен астам визасыз баруға болатын елдер:

Грузия 365 күн, Армения 180 күн. Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Ресей, Колумбия, Андорра, Сан-Марино және Гаитиде 90 күнге дейін болуға болады. Ал Намибия әуежайында виза жасатып, бұл елде де 90 күнге дейін қалуға рұқсат. Доминикан Республикасында 60 күнге дейін визасыз.

Арнайы шартпен визасыз: Оңтүстік Корея – 30 күн, K-ETA электрондық рұқсат қажет. Таиланд – 60 күн, TDAC электрондық карта толтыру қажет (1 мамырдан бастап). Сейшел аралдары – 30 күн (жарты жылда бір рет). Черногория – 30 күн (1 наурыз – 1 қараша аралығында ғана). Гонконг – 14 күн. Иран – 14 күн. Барбадос – 28 күн

Қазақстандықтар 2025 жылы әлемнің ондаған еліне ешқандай виза рәсімдемей-ақ бара алады. Жағажай, мәдениет, табиғат немесе шоппинг — кез келген талғамға сай бағыт бар.

Сапарға шықпас бұрын елдің миграциялық талаптарын нақтылап алу маңызды: кей елдер электрондық өтінім, қайтарым билеті немесе броньдалған қонақүй құжаттарын талап етуі мүмкін.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив