A+ A A-

talgatzhan 0 10-07-2025, 19:30 0

«Балалық шақтың бояулары»: Өскеменде балаларға арналған көңілді шара өтті

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында «Балалық шақтың бояулары» атты балаларға арналған ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көпшіліктің көңілін көтерген мерекелік бағдарламада ән, би және түрлі интерактивтер өтті. Алаң түрлі-түсті көбелектер мен ноталар бейнеленген жарқын баннермен безендіріліп, сахнаның сәнін аша түсті.

Музыкалық сүйемелдеуді дыбыс режиссерлері мен өнерпаздар атқарып, кешті әсерлі әрі қызықты етті. Қала тұрғындары мен қонақтары іс-шараға белсене қатысып, балғындармен бірге көңіл көтерді.

— Осындай шаралар жиі өтіп тұрса екен. Балалар ғана емес, ересектердің де көңіл-күйі көтеріліп қалды. Көптен бері көшеде осындай жылы атмосфераны сезінбеппін, — дейді қала тұрғыны Айзада Қанат.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив